ТМҰ – геосаяси жоба емес
Мемлекет басшысы осылай деп, ұйымды әскери альянс ретінде сипаттаушыларға жауап берді.
Мұндай адамдардың теріс пейілі бізге анық, мақсаттары – елдестіру емес екені де белгілі», - деді. Қазақстан ондай ұстанымды жоққа шығару керек деп санайды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, біз үшін түркі әлемінің бірлігін нығайту – аса маңызды, кезек күттірмейтін басымдық. Ал ұйым – бауырлас елдердің сауда-экономикалық, жоғары технологиялық, цифрлық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайтатын бірегей алаң. Президент түркі әлемі әрдайым тату болып, алға қойған мақсатынан ауытқымай, бірлесе дами беруі керек екенін айтты. Сондай-ақ Ұйымға халықаралық қауымдастық сенім білдіріп отырғанын жеткізіп, «Түркі мемлекеттері ұйымы +» форматын құру бастамасын қолдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Еліміз Түркияның ынтымақтастық аясын кеңейтуге бағытталған «Түркі мемлекеттері ұйымы +» форматын құру бастамасын қолдады. Осы форматқа қосылуға ниет білдірген мемлекеттер мен ұйымдарға қатысты нақты өлшемдер болу қажет деп санаймын.
Отырыста түркі тілдеріне ортақ терминологиялық негіз қалыптастыру бастамасы көтерілді. Қасым-Жомарт Тоқаев жақында Түркі Академиясы ағылшын, орыс және түркі тілдерінде сегіз томдық терминологиялық сөздікті жарыққа шығарғанын айтып, бұл жұмыс терминдерді бір ізге келтіруге және ортақ ғылым кеңістігін нығайтуға ықпал ететінін жеткізді. Осы орайда Кеңеске мүше елдердің тиісті мекемелерінің өкілдері, ғылыми сарапшылары кіретін Мемлекетаралық терминологиялық комиссия құруды ұсынды.