ТМҰ Бас хатшысы ретінде Өзбекстан өкілінің кандидатурасы ұсынылды

Ертең Түркі мемлекеттері ұйымының 13-ші саммитінде ұйымның Бас хатшысы тағайындалады. Осы жолы жауапты қызметке Өзбекстан өкілі Мирвохид Азимовтың кандидатурасы ұсынылып отыр.

Үміткерді әр үш жыл сайын ұйымға мүше елдердің басшылары және Сыртқы істер министрлерінің Кеңесі бекітеді. 

Жалпы бұған дейін Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы Кеңесі деп аталып келген – қазіргі Түркі мемлекеттері ұйымының 2011-ші жылдан бері 10-нан астам саммиті ұйымдастырылды. Алғашқысы Қазақстанда өтті. Кейін Қырғызстан, Әзербайжан, Түркия және Өзбекстан елдері кезек-кезек ұйымдастырып, әр жиында төтенше жағдайлар, гуманитарлық көмек, күрделі кеселмен күрес секілді мәселелер көтеріліп, экономиканың түрлі салаларына қатысты маңызды бағыттар талқыланды. Ұйымның құрылымында бірқатар кеңес, комитет және хатшылық жұмыс істейді.

Сондай-ақ оқыңыз: