«Ата-аналар академиясы» жобасы жалғасады
Биыл «Ата-аналар академиясы» жобасының ауқымы кеңейеді. Бұл бастама отбасылық және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған.
Психолог, дәрігер, заңгер, медиатор сияқты мамандар тұрғындарға кеңес береді. Сондай-ақ өңірлерде отбасыны қолдау орталықтарының қызметі жетілдіріледі. Бұл туралы Отбасы күніне орай Астанада өткен халықаралық форумда айтылды. Жиынға Мәдениет және ақпарат, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері мен БҰҰ-ның өкілдері қатысты. Олар отбасын қолдау орталықтарының қызметі, қабылдаушы кәсіби отбасылар институтын дамыту, ажырасудың алдын алу сияқты маңызды мәселелерді талқылады. Форум аясында салада жоғары нәтиже көрсеткен мекемелер мен үздік қызметкерлер марапатталды. Сонымен қатар «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы салтанатты түрде бастау алды.
Снежанна Имашева, ҚР Отбасы мәселелері жөніндегі уәкілі:
- Отбасыны қолдау орталықтарының сарапшылары, басшылары өзара пікір алмасу үшін келіп отыр. Себебі орталықтар екі-үш жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. Әлі өздерінің орнығу процесінде бұл өте маңыз институт. Осындай орталықтардың ішінде отбасы барлық көмекті алуы мүмкін. Медициналық көмек болсын, құқықтық көмек болсын, психологиялық көмек болсын.