LRT желісінде жолаушылар қауіпсіздік ережелерін бұзды

Күні кеше пайдалануға берілген LRT желісінде жолаушылар қауіпсіздік ережелерін бірнеше мәрте бұзған.

Онда вагонға мінген адамдардың кейбірі станса платформасында орналасқан шұғыл тежеу батырмасын негізсіз басқан, вагон есіктерін ішінен өз бетінше ашуға әрекет жасаған. Көлік желісінің баспасөз қызметі мұндай әрекеттер апаттық жағдайларға және қозғалыстың уақытша кідірісіне әкелуі мүмкін екенін ескертіп отыр. Жүйе толығымен автоматтандырылған. Сондықтан кез-келген осындай әрекеттер пойыздың тоқтап қалуына немесе басқа да қауіпке әкелуі ықтимал. Қазір полиция станциялар мен вагондардағы бейнекамералардың көмегімен құқық бұзушыларды анықтап жатыр. Олар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.