Жетісайда қауын пісті
Жергілікті шаруа Әл-Фараби Күзенбаев 40 гектар алқапқа қауынның «Нұр-Бакинка» сортын еккен еді. Ақпан айының соңында егілген көкөніс 80 күнде пісіп жетілді.
Себебі күн райы қолайлы, жауын-шашын мол болған. Осылайша, шаруа биыл да өнімін өзгелерден бұрын нарыққа шығарды. Қазір қауынды сонау Мәскеуге жөнелтіп жатыр. Ешқандай делдалсыз, тікелей өзі сатқандықтан, бағасы да тұрақты. «Алқапқа су беретін каналдар биыл уақытында тазартылып, судан тапшылық көрмедік», - дейді диқан. Айта кетейік, биыл Жетісай аудандағы суармалы жердің 14 мың гектарына қауын, 3 мың гектарына қарбыз егілді.
Әл-Фараби Күзенбаев, шаруа:
- Су биыл жақсы болды. Судан қиыншылық көрген жоқпыз. Су үзілген жоқ. Уақытылы суғарып отырдық. Сол судың арқасында осындай өнім алып отырмыз, ерте шығарып қауынды. Біздің ауданымызда бұл алғашқы қауын болып тұр ғой. Қазір де енді қауынға тағы су ашамыз. Су жақсы.