Елде авиациялық оқу орталығы құрылмақ

Қазақстанда халықаралық стандарттар бойынша авиациялық оқу орталығы құрылады.

Премьер-министр Олжас Бектенов Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Көлік министрлігіне тиісті тапсырма берді. Авиациялық оқу орталығы саланы дамытып, білікті кадрлар даярлауға бағытталады. Бұл ретте "Азаматтық авиация академиясына айрықша мән беріліп отыр. Аталған оқу орны отандық авиация саласы үшін халықаралық талаптарға сай сертификатталған мамандар даярлауы қажет", - деді Премьер-министр Үкімет отырысында.