Парламент 6 Конституциялық заң қабылдады
Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар екінші оқылымда 6 Конституциялық заңды қабылдады.
Олар Президент туралы, Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі, Халық Кеңесі, Астананың мәртебесі, әкімшілік-аумақтық құрылыс және Бірқатар заңдарды Конституцияға сәйкестендіру туралы құжат. Ең негізгілерінің біріне тоқталсақ, енді Парлмент «Құрылтай» болып өзгереді. Оның мемлекеттік билік жүйесіндегі орны, қызмет-қағидалары, құрылымы, жасақталу тәртібі және өкілеттіктерін жүзеге асыру тетіктері анықталды. Жаңа заң шығарушы орган бес жыл мерзімге сайланатын бас-аяғы 145 депутаттан құралады. Ал Ассамблея мен Ұлттық Құрылтайдың орнына Халық кеңесі құрылатын болады.
Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Қазақстан халқының әр этнобірлестіктерден, қоғамдық ұйымдардан, мәслихаттардан, жасы 18-ден асқан азаматтардың осы Қазақстан Халық Кеңесінің мүше болу мүмкіндігі және осы Кеңес арқылы өздерінің ұсыныс-пікірлерлін, өзекті мәселелерді біріншіден заң тұрғысында заң жобасы арқылы Құрылтайға енгізу құқығына ие болып отыр. Сонымен бірге бүкіл халықтық референдумға шығару мәселесі де Қазақстан Халық Кеңесінің құзіретіне кіріп отыр.