Ұлытау облысында 35 мың оқушы жазғы демалыспен қамтылады

Ұлытау облысында жазғы демалыс маусымында оқушылардың 90 пайызы түрлі бағыттағы сауықтыру бағдарламаларымен қамтылады.

Бұл мақсатқа бюджеттен 160 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Қазір өңірдегі барлық мектепте жазғы лагерь жасақталып жатыр. Колледждер жанынан да бейіндік орталықтар құрылады. Жоғары сынып оқушылары медицина, инженерлік және IT бағыттары бойынша кәсіби бағдар алады. Ал екі мың оқушы өзге облыстарда орналасқан лагерлерде демалады. Әзірге өңірде мұндай лагерь жоқ.

Гүлмира Жұматова, облыстық Білім басқармасының бөлім басшысы:

- Бұл жөнінде қазір балалардың демалысын өзіміздің облыста ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл - Жезқазған қаласында 400 орындық жыл бойы жұмыс істейтін заманауи лагерь жасау жоспарлануда. Қазіргі таңда салынатын жер учаскесі рәсімделген. Бұл нысан қосылғанда балаларымыз сыртқа шықпай-ақ өз өңірімізде демалуына толық жағдай жасалады деп ойлаймын.