Қазақстан мен Түркия чип өндірісі бойынша серіктестікті күшейтпек
Қазақстан мен Түркия алдағы жылдары 7 нанометрден асатын чип өндірісін қолға алуы мүмкін.
Қос ел цифрлық бағытта тәжірибе алмасуды күшейтіп, ортақ технологиялық инфрақұрылым қалыптастыруға мүдделі. Түркістандағы саммиттен кейін түрік сарапшылары осылай деп отыр. Олардың айтуынша, бұл қадам екі елдің жоғары технология саласындағы әлеуетін арттырып, жаһандық нарықта бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді. Қазір Түркия нанометрлік чиптер өндіретін елдердің қатарына кіреді. Ал сирек кездесетін пайдалы қазбалар қоры мен ғылыми-техникалық әлеуеті мол Қазақстан бұл бағыттағы маңызды серіктес ретінде қарастырылып отыр. Түркия мамандарының пікірінше, екі елдің өндірістік һәм ресурстық мүмкіндіктерін ұштастыру болашақта жоғары дәлдікті чиптер өндіруге негіз бола алады. Тараптар жасанды интеллект, ғарыш технологиялары және деректер қауіпсіздігі салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуді көздеп отыр.
Эрман Акыллы, профессор, халықаралық қатынастар бойынша сарапшы:
- Бүгінде Түркия мен Қазақстан арасындағы байланыс тек мәдени-гуманитарлық бағытпен шектелмейді. Екі ел арасындағы ынтымақтастық жоғары технологиялар мен ғылым саласына ойысып отыр. Чип өндірісі, жасанды интеллект, спутниктік жүйелер сияқты стратегиялық салаларда нақты қадамдар жасалып жатыр. Бұл түркі дүниесінің технологиялық алпауыттарға тәуелді болмай, цифрлық дербестігін нығайтуға ықпал етуі мүмкін.