Жетісу облысында оқушылар мектеп айналасын абаттандырды
Жетісу облысында жаппай тазалық шарасы өтті. Ауыл-аймақтағы оқушылар, мектеп айналасын қоқыстан тазартып, гүл екті.
«Таза Қазақстан» акциясына түлектер де қатысып, мыңнан астам көшет егуге көмектесті. Күн жылығалы облыс аумағында сенбілік жиі ұйымдастырылады. Іс-шараға тұрғындар, еріктілер мен мекеме ұжымдары белсене қатысып жатыр. Жыл басынан бері өңірде 5 мың тонна қоқыс арнайы полигонға шығарылды. Алпыс мыңға жуық ағаш егілді. Бұл жолғы акцияға Талдықорғандағы Николай Островский және Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы мектеп оқушылары үлес қосты. Жасөспірімдер табиғатты қорғауға арналған экологиялық жобаларын таныстырды.
Мубина Нұрқасым, оқушы:
- Табиғат – ең шынайы, ең басты үйіміз. Табиғат жер анамыз бізге қандай пайда әкеліп жатыр. Бізде де оны дәл солай аялап қорғауымыз керек.