Жетісу облысында 500 келіден аса ақбөкен мүйізі тәркіленді
Жетісу облысында 500 келіден асатын ақбөкен мүйізін саудаламақ болған күдіктілер ұсталды. Алты адамнан құралған топ Қытаймен шектесетін Панфилов ауданы аумағында қолға түсті.
Тексеріс барысында олардың жүк көлігінен 1600-ден аса киік мүйізі табылды.
Жанар Халықова, ПД ресми өкілі:
- Аталған дерек бойынша сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлармен және олардың бөліктерімен заңсыз айналысу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы, өткізу арналары және өзге де қатысы бар тұлғалар анықталуда.