БҰҰ: Газада инфрақұрылымның 80%-ы қираған

Газа секторындағы ғимараттардың шамамен 80 пайызы қираған. Бір миллионнан астам адам баспанасыз қалды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы сарапшыларының айтуынша, елде гуманитарлық жағдай өте ауыр. Палестиналықтар шатырларда тұруға мәжбүр. Оның өзі жел мен жаңбырдан, аптап ыстықтың салдарынан әбден тозған. Гуманитарлық көмекті жеткізу де қиын. Бұған бақылау бекеттеріндегі кедергілер, жолдардың бүлінуі және маңызды жүктерге қойылған шектеулер себеп.