Астанада қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары күшейтілді
Астанада қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары күшейтілді, деп хабарлайды «24KZ».
ҚР Ұлттық ұланының №5573 әскери бөлімінде қосымша күштердің, елордалық полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің қатысуымен жалпы гарнизондық саптық таратылым өтті.
Бұл маңызды қоғамдық-саяси іс-шаралар қарсаңында жеке құрамның қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін орындауға дайындығын тексеру мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілеріне елорда аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтарға жедел ден қою, жол қауіпсіздігі деңгейін арттыру және тұрғындар арасында профилактикалық жұмыстарды күшейту бойынша нақты міндеттер жүктелді.
Сонымен қатар азаматтар көп жиналатын орындарда қоғамдық тәртіпті сақтау, тұрғындармен сыпайы әрі әдепті қарым-қатынас орнату мәселесіне ерекше назар аударылды.