Қазақстанда дрифт жасаған 411 жүргізуші жауапқа тартылды

Сурет ЖИ көмегімен жасалған

Қазақстанда жыл басынан бері полиция қызметкерлері көлікпен дрифт жасаудың 411 дерегін анықтады. Оның 402-сі автокөлікке, 9-ы мотоциклге қатысты. Барлық көлік арнайы тұрақтарға қойылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды  «24KZ».

Құқық бұзышылықтың  ең көп дерегі Алматы қаласында тіркелген. Мұнда 142 жағдай анықталды. Түркістан облысында – 45, Ақмола және Ақтөбе облыстарында 30 деректен тіркелді.

Сонымен қатар полиция қоғамдық тәртіпті бұзу деректерінің алдын алу шараларын күшейткен. 13-18 қараша аралығында түнгі тыныштықты бұзудың 26 мыңнан астам дерегі анықталды.

Қоғамдық орындарды бүлдіру, ғимараттарға заңсыз жазу жазу және граффити салу деректері де бақылауда. Бір апта ішінде 3423 заңсыз граффити жазуы жойылып, құқық бұзушылықтарға қатысты 114 әкімшілік іс қозғалды. Оның 112-сі абаттандыру қағидаларын бұзуға, екеуі ғимараттарды ластауға қатысты.

Бұдан бөлек, волонтерлермен бірлесіп 5 мыңнан астам іс-шара өткізіліп, 8 мыңнан астам түсіндіру жұмысы ұйымдастырылды. Тұрғындарға 10 мыңнан астам ақпараттық брошюра таратылды.

Сондай-ақ оқыңыз: