Астанада құрбандық шалу орындары бекітілді
Астанада құрбандық шалу рәсімі өтетін орындар белгіленді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ақпаратына сәйкес рәсім тек бес мамандандырылған алаңда жүргізіледі.
Яғни сағат 07:00-ден 18:00-ге дейін Шанхай, Баракат, Жайлау базарларында және Шәушен шаруа қожалығы мен Алматы ауданындағы ет цехында құрбандық шалуға болады. Еске сала кетейік, Айт намазы 27-і мамыр күні таңғы 6-да оқылады.
Алаңдар: Мекенжайы:
«Шанхай» «Алаш» тасжолы, 27/2
«Баракат» А-369 көшесі, 10
«Жайлау» «Алаш» тасжолы, Ц 313
«Шәушен» ШҚ «Алаш» тасжолы, 136 Б
«Ет-Хан» ет цехы Ақжар көшесі, 20