Сағадат Нұрмағамбетовті есе алу шаралары республика бойынша өтіп жатыр

Қазақстандық әскери қызметшілер еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрі - Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетовті еске алды.

Армия генералының 102 жылдығына орай еске алу шаралары республика бойынша аталып өтіп жатыр. Әскерилер, ардагерлер мен курсанттар және жергілікті тұрғындар аты аңызға айналған қолбасшының ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып, оны бір минут үнсіздікпен еске алды. Еске алушылар Сағадат Нұрмағамбетовті ел тәуелсіздігі жолында өлшеусіз еңбек еткен, қазақ армиясының қалыптасуына зор үлес қосқан тарихи тұлға екенін тілге тиек етті. Батырдың өнегелі өмір жолы туған жерге адал қызмет етудің, ел мүддесін бәрінен биік қоюдың айқын көрінісі.