Балалар арасындағы қылмыс тоғыз пайызға төмендеді

Балалар да қылмысқа барады. Ұрлық жасайтындар да табылады. Сосын төбелеседі, бұзақылық жасайды.

Тәртіп сақшылары мұндай жағдайлар көбіне мегаполистерде болатынын айтады. Дегенмен бір қуанарлығы биыл балалар арасындағы құқық бұзушылық 9 пайызға төмендеген.

Ботакөз Жалекешова, ҚР ІІМ ӘПК Ювеналдық полиция басқармасының аға инспекторы:

- Балалар көбіне бұзақылық деректеріне және ұрлық фактілеріне жиі орын алып жатады. Әлеуметтік желілерден қыз балаларымыздың, ұл балаларымыздың төбелесіп жатқанын жиі көреміз. Бұл жерде бір-бірімен келіспеушіліктер болып жатады және өзге өңірлерден келген студенттер бір-бірімен тіл табыспау деректерінен орын алып жатады.