Елімізде ұялы телефон ұрлығымен айналысқан 12 қылмыстық топ қолға түсті
Қазақстанда полиция қызметкерлері жыл басынан бері телефон ұрлығына қатысты 900-ден астам қылмысты ашты. 700-ден астам адам жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды «24KZ».
Сондай-ақ ұялы телефон ұрлығымен айналысқан 12 қылмыстық топтың жолы кесілді.
Жалпы Қазақстанда ұялы телефон ұрлығы мен қалта ұрлығының саны азайып келеді. ІІМ мәліметінше, жыл басынан бері ұялы телефон ұрлығы 40%-ға төмендеген.
Ұрланған техниканы өткізетін орындарға ерекше назар аударылуда. Мысалы, Алматыда бұрын сотталған ер адам ұсталды. Одан 30-дан астам ұрланған телефон тәркіленді.
ІІМ еске салады: ұрланған мүлікті сатып алу және қайта сату қылмыстық жауапкершілікке әкеледі. Полицейлер азаматтарды қоғамдық орындар мен көлікте жеке заттарына мұқият болып, сақ жүруге шақырады.