17 шетелдік азамат Қазақстан аумағынан шығарылды 

Фото: polisia.kz

ШҚО-да 17 шетелдік азамат ел аумағынан шығарылды, деп хабарлайды «24KZ».

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері Өскемен қаласындағы құрылыс нысандарының бірінде жүргізілген кезекті тексеріс барысында уәкілетті органның тиісті рұқсатынсыз еңбек етіп жүрген көршілес мемлекеттің 17 азаматын анықтады. Белгілі болғандай, шетелдік азаматтар облыс аумағына шамамен бір ай бұрын келіп, қажетті рұқсат құжаттарын рәсімдеместен, 10 күннен астам уақыт бойы нысанда жұмыс істеген. 

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктер Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарылды. 

Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан жұмыс беруші де әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

ШҚО ПД көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының аумағында уақытша жүрген шетелдік азаматтардың уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбек қызметімен айналысуына тыйым салынатынын ескертеді. 

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз