Елімізде 3,9 млн оқушы жазғы демалысқа шықты
Биыл оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы аяқтаса, оның ішінде 215 мыңнан астамы 11-сынып түлектері.
Жазғы демалысқа шыққан оқушыларды ел бойынша 11 135 балалар лагері қабылдайды. Қажетті шараларды қауіпсіз әрі пайдалы ұйымдастыру мәселесі бүгін үкімет отырысында талқыланып жатыр.