Астанада Израиль Елшілігінің аллеясы ашылды

Елордадағы №52 мектеп-гимназиясында «Израиль Елшілігінің аллеясы» ашылды.

Экологиялық акция «Таза Қазақстан» ауқымды науқаны аясында ұйымдастырылды. Шараға Сыртқы істер министрлігі мен «Жер елшілері» бүкіләлемдік жастар қозғалысы да қолдау көрсетті. Экологиялық шараға қатысушылар мектеп ауласына 50 түп жас көшет отырғызып, білім ордасының ауласын көгалдандыруға атсалысты.

Йоав Бистрицкий, Израиль мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі:

- Бірлесе жұмыс істегенімізге өте қуаныштымыз. Бұл жас ұрпақты қоршаған ортаны қорғауды үйрету бағытындағы маңызды мәселе. Бүгін біз тек ағаш отырғызып қана қойған жоқпыз, біз ертеңгі күнге деген үміт пен сенімнің іргетасын қаладық.

Жәудір Бекжанова, Бейімбет Майлин атындағы №52 мектеп-гимназиясының директоры:

- Израиль Елшілігімен, Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, 50 тал бақшамызға еккелі отырмыз. Бұл біздің оқушыларымыз, жалпы жастарымыз үшін үлкен өнеге, үлкен тәрбие. Қоршаған ортаны экологияны таза ұстау маңызды. Алдағы уақытта бірнеше елшіліктермен іс-шараны жалғастыру біздің жоспарымызда бар.