В. Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Бүгін Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.

Астана Халықаралық әуежайында көрші елдің басшысын салтанатты қарсы алу рәсімі өтеді. Сапар барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөз өткізу және жоғары деңгейдегі іс-шараларға қатысу жоспарланған.