Қазақстанда БҰҰ-ның Өңірлік орталығы құрылады

Фото: depositphotos.com

Мәжіліс Қазақстан Республикасында БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын құру туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды «24KZ».

Келісімнің мақсаты – Қазақстанда БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын құруға құқықтық негіз қалыптастыру. Орталық өңір елдеріне экономикалық, әлеуметтік және экологиялық бағыттар бойынша орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге жәрдемдеседі.

Сондай-ақ Орталық өңірлік жобалар мен бағдарламаларды іске асырып, БҰҰ құрылымдары, халықаралық қаржы институттары, жеке сектор және азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-әрекет пен үйлестіруді нығайтуға ықпал етеді. Бұдан бөлек, теңізге шыға алмайтын дамушы елдер үшін 2024–2034 жылдарға арналған іс-әрекет бағдарламасын жүзеге асыруға үлес қосады.

Келісімге сәйкес, БҰҰ қызметкерлеріне халықаралық нормаларға сай артықшылықтар мен иммунитеттер беріледі. Сонымен қатар Қазақстан тарапы Орталық қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне қатысты визалық және еңбек қызметіне байланысты рәсімдерді жеңілдетуді қамтамасыз етеді.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз