Астанада жаһандық күн тәртібін қалыптастыру тәсілдері талқыланды

Астанада «Еуразиядағы тұрақты даму» атты II халықаралық конференция өтіп жатыр. 

Жиын Біріккен Ұлттар Ұйымының 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму мақсаттарын іске асырудың аралық қорытындыларына және 2030 жылдан кейінгі жаңа жаһандық күн тәртібін қалыптастыру тәсілдерін талқылауға бағытталған. Іс-шара аясында пленарлық отырыс, үш тақырыптық сессия жоспарланған. Конференцияда Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректоры Анатолий Торкунов және шет елдерден келген 40-қа тарта сарапшы пікір алмасып жатыр.