БҚО-да коммуналдық нысандар жаңғыртылып жатыр
Батыс Қазақстан облысында Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту бойынша 10 пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр.
Олардың жалпы құны 22 млрд теңгеге жуықтайды. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев осы өңірге жұмыс сапармен барып, жобаларды іске асыру барысымен танысты. Кездесуде отандық өндірушілерді қолдауға ерекше назар аударылды. Жобаларда қазақстандық темірбетон тіректері, кабельдік-өткізгіштер, трансформаторлық қосалқы стансалар, полиэтилен құбырлары және өзге де жабдықтар пайдаланады. Кейбір нысандарда қазақстандық қамту үлесі 80–99%-ға дейін жетеді.