Атырауда оқушылар арасында сурет байқауы өтті
Атырауда оқушылар арасында «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» атты сурет байқауы өтті. «Таза Қазақтан» эко-акциясы аясында өткен іс-шарада 5 пен 16 жас аралығындағы 40 бала, бақ сынады.
Биыл арнайы мектеп-интернаттар, оңалту орталықтары мен балалар ауылының тәрбиеленушілері де қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша 11 оқушы диплом мен арнайы сыйлықа ие болды. Байқауды облыстық экология департаменті «5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне» орай ұйымдастырды.
Асқар Жүсіпов, облыстық Экология департаментінің басшысы:
- Оқушылардың осы қоршаған ортаға деген көзқарасын сурет арқылы жеткізу, сурет салу дағдыларына байланысты жеңімпаздар анықталды. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты - қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті, қоршаған ортаға деген көзқарасты өскелең ұрпаққа жастай бойларына сіңіру, сүйіспеншілігін арттыру.