Биыл 3 млн бала жазғы лагерлерге барады

Биыл 3 млн-нан астам бала жазғы лагерлерге барады. Бұл – елдегі жалпы оқушылар санының 86%-ы. Балалардың демалысы қауіпсіз өту үшін бақылау күшейді.

Оған қоса енді мемлекеттік және жекеменшік білім беру-сауықтыру орталықтары лицензияланады. Олардың жеке ғимараты, арнайы бағдарламалары және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бақылау бейнекамералары мен дабыл жүйесі болуы керек. Лицензия ұйымдарға «Электрондық үкімет» порталы арқылы 5 жылға беріледі. Оқу-ағарту министрлігінің дерегінше, елде осы жылы 11 мыңнан астам жазғы демалыс орталығы жұмыс істейді.

Шынар Ақпарова, ҚР Оқу-ағарту вице-министрі:

- Білім туралы заңға өзгерістер енгізілуіне байланысты бізде жазғы демалыс орталықтары, білім беру және сауықтыру бағдарламаларын жүзеге асырады. Қазіргі таңда Оқу-ағарту министрлігімен осы оқу бағдарламаларына қатысты барлық үлгілік қағидалар бекітілді. Осыған сәйкес барлық демалыс орталықтарында бағдарлама негізінде жұмыс жүргізіледі.