«е-ТЖМ» платформасы іске қосылады
Үкімет жыл соңына дейін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласына арналған «е-ТЖМ» цифрлық платформасын іске қосады.
Сонымен қатар «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік» жүйесі бірқатар мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерімен біріктіріледі. Премьер-министр Олжас Бектенов Төтенше жағдайлар министрлігіне өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Оның айтуынша, берілген нұсқаулардың орындалуы мен бақылау шаралары ерекше назарда болуы керек. Сондай-ақ Еңбек министрлігіне жүйені Денсаулық сақтау, Әділет, Қаржы министрліктері және Бас прокуратураның ақпараттық жүйелерімен интеграциялау қажет екенін алға тартты.