«Хабар» Агенттігі Гонконгтың қос медиа компаниясымен меморандумға қол қойды

Гонконг делегациясының Астанаға сапары кезінде 50-ге жуық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 

Соның бірі –  «Хабар» агенттігі Гонконгтың қос бірдей медиа компаниясымен уағдаластығы. The newspaper Society of Hong Kong және Hong Kong News Executives' Association басшылары бүгін «Хабар» Агенттігінің төрағасы Кемелбек Ойшыбаевпен халықаралық байланысты дамытып, өзара ақпарат алмасуға келісті.   

Кемелбек Ойшыбаев, «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы:

- Бұл меморандумның ең басты мақсаты — ақпарат алмасу. Түрлі мемлекеттерде меншікті тілшіміз болмаса, шұғыл ақпарат немесе қосымша бейнематериалдар қажет болса, шетелдік әріптестерімізге хабарласамыз. Осылайша, олардың көмегімен жедел ақпарат алмасуға мүмкіндік туады. Дәл осы бағытта бұл меморандумдардың маңызы өте зор.