Бірінші тоқсанда ₸52,2 млн сомаға стоматологиялық қызмет көрсетілген

Биыл алғашқы үш айда еліміздегі денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдары 900 миллион теңгеден астам сомаға қызмет көрсеткен.

Оның 48 пайызы МӘМС қоры есебінен жүргізілсе, 22 пайызы бюджет, 21 пайызға жуығы халықтан түскен қаражат, ал 9 пайызы кәсіпорындар қаржысы есебінен көрсетілген. Қызметтердің ең аз көлемі стоматологиялық емханаларға тиесілі. Алғашқы тоқсанда тіс емдеуге 52 миллион теңгеден аса қаржы жұмсалған. Бұл денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы жалпы қызмет көлемінің 5,8 пайызына тең.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдары - ₸905 млн

48% - МӘМС қоры

22,4% - бюджет

20,7% - халықтан түскен қаражат

9,4% - кәсіпорындар қаржысы 

Стоматологиялық қызметтер - ₸52,2 млн

5,8%