Әлеуметтік төлемдер сомасы ұлғайды
Ел үкіметі мүгедектігі бар адамдарды қолдау жүйесін жетілдіруді жалғастырып жатыр.
Биылдан бастап мүгедектігі бойынша берілетін мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 10%-ға артты. Аз қамтылған отбасылар да мемлекет назарынан тыс қалып отырған жоқ. Бүгінде 34,5 мың отбасыға 10,6 млрд теңге көлемінде әлеуметтік көмек тағайындалды. Ақшалай төлемдермен қатар ерекше қолдауды қажет ететін азаматтарға арналған арнайы әлеуметтік қызметтер жүйесі дамып жатыр. Оған мүгедектігі бар балалар, 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдар, тұрғылықты жері жоқ адамдар, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адам саудасының құрбандары және де пробациялық бақылаудағы азаматтар жүгіне алады. Қазір елде 649 лицензияланған ұйым арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетіп отыр.