Медеуде Мемлекеттік ту көтерілді

Медеу мұз айдынында мемлекеттік ту көтерілді.  

Ені 7 , ұзындығы 14 метр болатын алып ту 40 метр биіктікке көтерілді. Биік таулы спорт кешенінің алдындағы алаңға қоғам қайраткерлері, еріктілер, жастар ұйымдарының өкілдері жиналды. Іс-шараға барлығы шамамен бір жарым мың адам қатысты. Студенттер мен белсенді жастар тағы бір туды жайып ұстап, бірліктің символдық бейнесін қалыптастырды. Шара соңында эстрада жұлдыздары патриоттық әндер орындап, өнер көрсетті.

Зәкіржан Кеңес, қалалық Қоғамдық кеңестің мүшесі:

- Менің ойымша Мемлекеттік рәміздер мерекесі жылдан жылға халықтық сипат алып жатыр. Яғни кез келген қаланың тұрғыны Мемлекеттік рәміздер мерекесін сезініп, көк туымызды желбіретіп, мерекеге ерекше дайындықпен келді. Оны бүгінгі шарамыздан-ақ байқауымызға болады. Өте көп адам жиналған, әсіресе жастардың белсенділігі өзімді қуантты.