«Медеу» мен «Шымбұлаққа» қандай көліктер кіреді: Алматы мәслихаты шешім қабылдады
Алматы қаласы мәслихатының депутаттары ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға көлікпен кірудің жаңа тәртібін бірауыздан қолдады. Жаңа тәртіп бойынша іштен жану қозғалтқышы бар көліктердің кіруіне шектеу қойылады, деп хабарлайды «24KZ».
Электромобильдер жұмыс күндері аумаққа кіре алады, ал демалыс және мереке күндері оларға да шектеу қолданылады.
Бұл өзгерістер 2026 жылы 12 маусымдағы Конституциялық Соттың қаулысына байланысты енгізіліп отыр. Оған сәйкес, мұндай шектеулер мәслихаттың құзыретіне жатады және тұрғындардың құқығы ескерілуге тиіс.
Жаңа тәртіптің негізгі мақсаты – аумақтағы көлік жүктемесін азайтып, табиғи ортаны қорғау. Бақылау-өткізу пункті арқылы тәулігіне шамамен 700 көлік өтеді.
2026 жылдың алғашқы 8 айында 179 мыңнан астам көліктің өткені тіркелді. Жаңа тәртіпте аумақта тұратын тұрғындарға, сондай-ақ жедел, коммуналдық және арнайы қызмет көліктеріне қатысты ерекшеліктер қарастырылған.
«24KZ»Telegram-арнасына жазылыңыз