Жаңа заңдар әлемдік тәжірибеге негізделген
Президент қол қойған 5 конституциялық заң Қазақстанның саяси архитектурасын өзгертеді және дамытады.
Сарапшылар осылай дейді. Олардың айтуынша, жаңа тарихи құжаттарды әзірлеу кезінде көшбасшы мемлекеттердің тәжірибесі ескерілген.
Ермек Әбдірасілов, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры:
- Халық кеңесін айтатын болсақ, мысалы, Францияның өзінде сол кеңес бар экономикалық, экологиялық, әлеуметтік жағдайлар бойынша. Ол да консультативті орган болып саналады. Ол өзінің пікірін азаматтық қоғамнан беріп отырады. Сол үшін біздің істеп жатқан көп іс-шаралар халықаралық жүйенің тәжірибесіне сәйкес келеді.
Динара Садуақасова, ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі:
- Жергілікті басқару заңына көшетін болсақ, кейбір қалалардың атауларын өзгерту үшін, олардың статусын ауыстыру үшін міндетті түрде жергілікті тұрғындардың пікірі ескерілетін болады және бұл қазақстандықтар үшін саясатқа көбірек араласу, шешімдерге әсер етуге мүмкіндік болады деп ойлаймын.