Токио губернаторы ту көтеру рәсіміне қатысты
Токио губернаторы Юрико Коикэ Қазақстанның Мемлекеттік рәміздер күніне орай ұйымдастырылған ту көтеру рәсіміне қатысты.
Қала басшысы айтулы күннің құрметіне, Қазақстан туының көгілдір және алтын түстерін бейнелейтін киім киіп келді. Юрико Коикэ еліміздің Жапониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Ерлан Баударбек-Қожатаевпен кездесіп, жуырда Астанаға жасаған сапарында көрсетілген, жылы қабылдау үшін алғыс білдірді. Сапар 21-22 мамыр күндері өтті. Губернатор Қазақстан астанасының жаңғыру қарқыны мен серпінді дамуына жоғары баға берді. Жапон саясаткері Қазақстан мен Жапония арасындағы ынтымақтастықтың зор әлеуетін, әрі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық қауымдастық-тағы маңызды рөлін ерекше атап өтті.
Юрико Коике, Токио губернаторы:
- Жуырда Қазақстанға сапарымның барысында мені жылы қарсалғанынына шынайы алғысымды білдіремін. Инновацияға, цифрлық трансформацияға және «жасыл» энергетикаға деген өзара қызығушылық Астана мен Токио арасында институционалдық серіктестік үшін жаңа көкжиектер ашады. Қазақстанды басқарып отырған Президент Қ.Тоқаев халықаралық қауымдастықта белсенді. Бұдан былай Қазақстанмен әртүрлі формада және деңгейде өзара іс-қимыл жасауға ниеттімін.
Ерлан Қожатаев, ҚР Жапониядағы төтенше және өкілетті елшісі:
- Токио губернаторының жақындағы Қазақстанға жасаған сапары Мемлекет басшысының өткен жылғы Жапонияға ресми сапарының практикалық және маңызды нәтижелерінің бірі болып табылады. Цифрландыру, инфрақұрылым, көлік жүйесінің дамыту және сейсмикалық қауіпсіздік саласындағы Токионың озық тәжірибесі Қазақстан үшін өте маңызды.