Әкімшілік әділет оң нәтижесін көрсетті
Әкімшілік әділет енгізілгелі оң өзгерістер көп. Азаматтар мен кәсіпкерлердің мемлекеттік органдарға қарсы сотта жеңу мүмкіндігі едәуір артты.
Бұл жүйе олардың құқықтарын тиімді қорғайтынын көрсетеді. Судьялар «Әкімшілік әділет және оның құқық үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлі» атты форумда әкімшілік әділеттің бес жылдағы нәтижелері мен оның заң үстемдігін нығайтудағы маңызын атап өтті. Іс-шараға қазақстан және шетелдік судьялар, сарапшылар, ірі компаниялардың басшылары және халықаралық іскерлік қоғамдастық өкілдері қатысты.
Ұлан Қажыкен, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы:
- Бұрын азаматтардың, жеке тұлғалардың және кәсіпкерлердің мемлекеттік органдарға қарсы істер бойынша жеңіс көрсеткіші 8–15% шамасында болатын. Әкімшілік әділет енгізілгеннен бері бұл көрсеткіш 54%-ға жетті. Бұл нені көрсетеді? Біріншіден, бұл жеке тұлғалардың өз құқықтарын қорғау деңгейінің артқанын көрсетеді. Екіншіден, бұрын мемлекеттік органдардың өз штатында заңгерлері болғандықтан, сот процестерінде азаматтар мен жеке тұлғалар жиі жеңіліп жататын. Қазіргі таңда әкімшілік әділеттілік қағидаттарының арқасында азаматтар өз құқықтарын тиімді қорғап, сотта жеңіске жетіп отыр.