Қостанайда жылына 15 мың тонна қалдық өңделеді
Қостанайда жылына 15 мың тонна қағаз қалдығын өңдейтін кәсіпорын шикізаттан түрлі өнім шығара бастады.
Былтыр экономикалық және экологиялық жағынан тиімді өндіріс ашылды. Қазір жобада көрсетілген жеті желінің бесеуі жұмыс істеп тұр. Жергілікті 130 адам еңбек етеді. Толық қуатына көшкен кезде, жұмысшы саны 200-ге жетуі тиіс. Қажетті шикізат – қағаз қалдығы елдің солтүстік өңірлерінен жиналады. Мұндай кәсіпорындарға утилизациялық алым есебінен жеңілдетілген несие беріледі.
Әнуар Түлекпаев, кәсіпорын директоры:
- Біз қажетті жабдықтарды өндірісті қолдау қоры арқылы 10 жылға есептелген лизингтік жүйемен сатып алдық. Бұл – үлкен жеңілдік. Несиені 2027 жылдан бастап қайтара бастаймыз. Мемлекет көмегі жаңадан ашылған кәсіпорын жұмысының алға басуына септігі тиді.