Астанада ірі көлемде есірткі сақтаған күдікті ұсталды

Фото: depositphotos.com

Астанада жүргізілген жедел іс-шаралар барысында есірткі сақтап, оны таратумен айналысты деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды «24KZ».

ІІМ мәліметінше, күдіктінің көлігін тексеру кезінде өзіне тән иісі бар сұрғылт-жасыл түсті зат салынған пакет, екі литрлік бөтелке және дәл осындай зат толтырылған екі бес литрлік ыдыс табылған. Сонымен қатар электронды таразы тәркіленген.

«Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген заттардың гашиш екені анықталды. Заңсыз айналымнан алынған есірткінің жалпы салмағы жеті келіден асқан. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды» – делінген хабарламада.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз