Атырауда 11 мың шаршы метр аумаққа гүл егілді
Атырауда 11 мың шаршы метр аумаққа егілген гүлдер жайқалып өсе бастады. 20 саябақ пен шағын скверлер қаланың көркін ашып тұр.
Жылдағыдай жергілікті климатқа төзімді, көпжылдық өсімдіктер таңдалды. «Оның ішінде, раушан гүлі мен катарантус тез жерсінеді», - дейді мамандар. «Таза Қазақстан» эко-акциясы аясында ағаш-тал егу жұмыстары жалғасып жатыр. Былтыр қала аумағында 8 мыңға жуық көшет егілген еді. Қарағай мен шырша сияқты қылқанжапырақтылар биыл көктеді. Көгалдандыру мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында демеуші мекемелердің қолдауымен жүзеге асты. Өңірде 2030 жылға дейін 5 млн түп ағаш егу жоспарланған.
Михаил Ключников, мердігер мекеменің жетекші маманы:
- Мұндай ағаштарды күтім болмаса, өсіру қиын. Аптап ыстық, жел. Сондықтан біз олар бой алып кеткенше осылай жан-жағынан байлап қоямыз, үнемі тыңайтқыш беріп, уақытылы суарамыз. Қазір шығымы жаман емес, 95 пайызы өсіп тұр.
Мәулен Саламатов, қалалық ТҮКШ абаттандыру және көгалдандыру секторының басшысы:
- «Жеңіс» саябағы мен «Ақ шағала ықшам ауданында жағалауға 150 ге жуық қарағай ағашы отырғызылды. Исатай-Махамбет алаңына 200-ге жуық шырша және 300-ге жуық гартензия бұталары отырығызылды. Геолог ықшам ауданында жаңа саябаққа 80 қарағай және 200-ге жуық ясень отырғызылды.