О. Бектенов экотуризмді дамыту бойынша шаралар қабылдауды тапсырды

Жұрт жаз айларында ғана емес, жыл бойы демалатындай жағдай жасап, тиісті инфрақұрылымды дамыту қажет.

Үкімет басшысы Туристік саланы дамыту мәселесі Мемлекет басшысының тұрақты бақылауында тұрғанын айтты. Сонымен қатар әлемдік туристік индустрияның қарқынды дамып келе жатқан бағыттарының бірі ретінде экотуризмді дамыту жөнінде шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударды.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

- Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, жаһандық экологиялық туризм нарығы 2034 жылға қарай $660 млрд-тан асуы мүмкін. Былтыр Қазақстандағы экотуристер саны 3,6 млн адамнан асты. Бізде Шарын шатқалы, Көлсай көлдері, сондай-ақ Алтын-Емел, Іле-Алатауы, Бурабай, Баянауыл ұлттық табиғи парктері мен басқа да керемет табиғи байлықтарымыз бар. Алайда оларды дамыту және инвесторларды тарту жұмыстарының қарықыны көңілден шықпайды. Жаңа заманауи жобалар қажет. Туризм, Экология министрліктері мен әкімдіктер 1 ай ішінеде нақты ұсыныстар енгізсін.