Елде ипотека беру тәртібі өзгереді

Елімізде ипотека беру тәртібі өзгереді. 

Ең ерекшелігі енді несиенің шектік мөлшерлемесі бастапқа жарна көлеміне байланысты есептеледі. Яғни неғұрлым  алғашқы жарнаны көбірек жинасаңыз, соғұрлым тиімдірек кредит ала аласыз. Егер үй құнының 30 пайызы немесе одан көп қаржы қолыңызда болса, ипотеканың ең жоғары мөлшерлемесі 20 пайыздан аспайды. Ал одан төмен болған жағдайда банк 25%-ға дейінгі мөлшерлемені қолдана алады. Бұдан бөлек банкттер болашақ борышкердің табысын жіті тексеріп, қарыз жүктемесіне көбірек мән береді.

Алмат Орақбай, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының жетекші сарапшысы:

- Бұл екі жақта әсер етуі мүмкін. Яғни бірінші тұрғыдан бұл жалпы тұтынушыларға деген ипотеканың қолжетімділігін арттыруы мүмкін. Сол арқылы мемлекеттік бағдарламалардың өсуі, артуы байқалуы мүмкін. Алайда нарықтық ипотеканы бәсеңдетуі мүмкін. Басқаша айтқанда, мемлекеттік бағдарламалар қазірдің өзінде жалпы нарықтағы берілетін борыштардың 85 пайызын құрайды. 2025 жылы бұл көрсеткіш 74 пайызды құраған. 2024 жылы 69 пайызды құраған болатын. 

Жаңашылдық жаңа жылдан бастап күшіне енеді. Оған дейін шекті мөлшер қазіргі деңгейде – 25 пайыз болып қала береді. Ипотекалық нарық үшін күрт өзгеріс болмайды.  

Аят Қарымсақ, ҚР ҚНРДА қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаментінің бас маманы:

- Басқа айтқанда бұл көрсеткіш LTV деп аталады. Аталған көрсеткіш ипотекалық қарыз сомасын кепілі мен қамтамасыз ету құнына қатынасын көрсетеді. Бұл ипотекалық кредиттеудегі кредиттің негізгі тәуекелінің негізді индикаторы болып табылады. Бастапқы жарна немесе құрлым жоғары болған сайын LTV мәні қарыз қаражатының үлесі және ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша кредиттік тәуекел деңгейі соғұрлым төмен болады.