Ә.Смайылов: Квазимемлекеттік сектор бюджетке әлі де тәуелді

Квазимемлекеттік сектордың бюджетке тәуелділігі арта түсті. 2025 жылы оларға 812 млрд теңге бөлінген. 

Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов Мәжіліс отырысында былтырғы бюжеттің игерілуіне қатысты аудит қорытындысын жариялады. Оның айтуынша, оларға жүктелетін мемлекеттік тапсырмалардың өзі ведомствоға қарасты ұйымдарды конкурстан тыс қаржыландыру нысанына айналып отыр. Тіпті кей жағдайда мемлекеттік тапсырманы орындау үшін атқарылуы тиіс жұмыс пен көрсетілетін қызметтің біразы жеке орындаушыларға беріледі. Квазимемлекеттік сектор субъектілері мемлекеттік сатып алу шеңберінде тағы да 1,4 трлн теңге алған. «Жалпы бюджет қаражатын игеруде атқарушылық тәртіп жеткіліксіз және нәтижеліктің шектелгені байқалады»,- деді Әлихан Смайылов.