Контейнерлік тасымал көлемі 20%-ға ұлғаяды
«Тобыл» көлік-логистикалық кешеніндегі инфрақұрылымдық жоба іске қосылғанда өңірдің транзиттік мүмкіндігі һәм контейнерлік тасымал көлемі 20%-ға дейін ұлғаяды.
Сондай-ақ жаңа жұмыс орны ашылады. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Қостанай облысына сапары аясында аймақтағы ірі бастамалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Индустриалды және аграрлық сектордың даму қарқынын тексерді. Сапар барысында «Тобыл» логистикалық кешенін қаржыландыруды жеделдетуді тапсырды. Мұнда алғашқы кезеңде үш метрге жуық теміржол желісі мен 26 мың шаршы метр контейнерлік алаң салынған. Жоба 2027 жылы толық аяқталады. Одан бөлек, Қостанайдың индустриалды аймағындағы ірі зауыт-фабрикалардың жұмысымен танысты. Инфрақұрылымдық нысандарды аралап, теміржол вокзалын қайта жаңғырту, Арқалық әуежайын қалпына келтіру жұмыстарын қарады. Сапар соңында жоспарланған жұмысты белгіленген мерзімде сапалы етіп аяқтауды тапсырды.