Зиянды жеміс-жидек тасымалдағандарға айыппұл салынды
Жыл басынан бері сырттан келген 1200 тоннадан аса жеміс пен көкөністен зиянды заттар анықталды.
Жеткізушілерге 150 млн теңге айыппұл салынды. Ал зиянды өнімдер бірден залалсыздандыруға жіберілген. Фитосанитарлар құқықбұзушылықты шекарада-ақ анықтайды. Бастапқы карантиндік фитобақылау, яғни құжат пен көлікті тексеру барысында күдікке ілінген өнім зертханалық бақылауға жіберіледі. Мәселен, тақауда залал расталып, Қытайдан келген 40 мың тонна сәбіз бен шабдалы экспорттаушы елге кері қайтарылды. Мамандар "зиянды өнім тасымалы азық-түлік қауіпсіздігіне кесірін тигізуі мүмкін", - дейді.
Ризабек Әубәкіров, ҚР АШМ АӨК Мемлекеттік инспекция комитеті басқарма басшысының міндетін атқарушы:
- Карантиндік зертхананың қорытындысы бойынша егер де карантинді объектілер анықталса, өнім кері қайтарылуы тиіс немесе жойылуы тиіс немесе залалсыздандырады. Осындай шаралар қабылданады.