Vibe coding деген не?
Жалпы вайб кодинг деген не?
Айти мамандары қандай да қосымша не цифрлық платформа құрған кезде бұйрық алгоритмдерін тізіп шығады. Цифрлық өнімнің күрделілігіне қарай кодтау процесі біраз уақытты алуы мүмкін. Ал жасанды интеллект дәл осы кодтау жұмысын әлдеқайда жеңілдетті. Бағдарлаушы инженердің апталарға созылатын ісін бірнеше сағатта есептеп шығарып беруі мүмкін. Уақыт өткен сайын жасанды интеллектіге негізделген көмекші құралдардың сапасы мен жылдамдығы артып барады. Демек, бағдарлаушылардың жұмысы да уақыт өткен сайын жеңілдей түскен. Тіпті компьютер басында ойнап отырып шаруасын қайыра салады. Музыка тыңдап не басқа шаруамен айналысып жүріп, қандай да жұмыстың цифрлық процесін құра салады. Міне кодтарды есеппен емес, түйсікпен құру вайб кодинг деп аталып кетті. Терминнің авторы канадалық словак, жасанды интеллект зерттеушісі Андрей Карпатый. Ол бұл сөзді алғаш рет былтыр ақпанда өзінің Мета парақшасында таныстырған.
There's a new kind of coding I call "vibe coding", where you fully give in to the vibes, embrace exponentials, and forget that the code even exists. It's possible because the LLMs (e.g. Cursor Composer w Sonnet) are getting too good. Also I just talk to Composer with SuperWhisper so I barely even touch the keyboard.
Мен өзім «vibe coding» деп атап кеткен бағдарламалаудың жаңа түрі пайда болды. Мұнда сіз түйсігіңізге сеніп, шексіз мүмкіндіктердің барын қабылдап, тіпті код жайлы ұмытып кетесіз. Бұның бәрі үлкен тілдік модельдердің (мысалы, Sonnet-пен жұмыс істейтін Cursor Composer сияқты) қарқынды түрде жақсаруының арқасында мүмкін болды. Оның үстіне қазір мен Composer-пен SuperWhisper арқылы сөйлесіп, пернетақтаға қолымды тигізбеймін.
Vibe Coding IT мамандарын жұмыссыз қалдыра ма?
Иә, демек айти мамандары қазір ойнап жүріп, жаңадан цифрлық өнім жасап, не оны жетілдіре алады. Және вайб кодингтің тағы бір тиімді тұсы - оның үлкен команда мен қыруар қаржыны талап етпейді. Бұрын қандай да бір айти стартапты әзірлеген кезде - бағдарлаушы, әкімші, бас менеджер сияқты алты-жеті адамнан команда жиналатын. Сол команда бір айти өнімді шығаруға 6-7 ай уақыт жұмсайтын. Ал қазір вайб кодингті меңгерген екі адам дәл сол өнімді екі айда әзірлеп бере салады. Оған қоса, бір қосымшаны әзірлеуге шамамен 70 млн теңге кететін. Енді бұл шығын 5 млн-ға дейін қысқарады. Дегенмен, вайбкодингке толықтай иек арту әбестік, дейді жасанды интеллект жөніндегі маман әрі вайбкодер Еркінбек Таласбек.
Еркінбек Таласбек, жасанды интеллект маманы:
- Бірақ айти 4-5 жыл университетте оқыған айтишник-програмистерді біз вайбкодерлер алмастыра алмаймыз. Өйткені олардың базалық білімі бар да. Біз оны вайбкодингпен жасауымыз мүмкін, бірақ оны алдағы уақытта масштабқа келген кезде ол жерде қателіктер болуы мүмкін. Сол қателіктермен біз жұмыс жасай алмаймыз. Ол үшін айтиштнктердің, програмистердің базалық білімі болуы маңызды.