IT мамандар ЖИ-ға қаншалықты тәуелді? 

Жасанды интеллект қазір бағдарлаушы мамандардың жұмысын әлдеқайда тез әрі тиімді атқаратын дәрежеге жеткен.

Осы ретте сандарды сөйлетсек. Әлемдегі бағдарлаушылардың 84% ЖИ көмекшісін қолданады. Цифрлық саладағы беделді саналатын Developer Survey онлайн платформасы 2025 жылы жүргізген сауалнаманың қорытысындысы бұл. Алдыңғы жылмен салыстырар болсақ, 2024-те жасанды интеллект агенттерін қолданған IT мамандарының үлесі 76 % болған еді. Бүгінде кәсіби бағдарлама жасайтындардың 51 пайызы жасанды интеллектінің көмегіне күнде жүгінеді. Ал Гугл жүргізген зерттеу цифрлық өнім жасайтын мамандардың 90 пайызы жасанды интеллект құралдарын қолдананын анықтады. Оның ішінде 65 пайызы жасанды интелектіге қатты сүйенеді. Оны күніне орта есеппен екі сағаттай қолданатын көрінеді. Сондай-ақ жасанды интеллектінің қызметін пайдаланатын мамандар еңбек өнімділігінің 80 пайызға өскенін айтады.