Қазақстанда бос жұмыс орындарының саны артады

Елімізде еңбек нарығындағы белсенділік жыл сайын артып келеді.

2025 жылы Электронды еңбек биржасында 1 миллион 90 мыңнан астам бос жұмыс орны жарияланған. Бұл жұмыс күшіне деген сұраныстың жоғары екенін көрсетеді. Сарапшылар биыл бұл көрсеткіш 1,12 миллион мен 1,31 миллион аралығында болатынын алға тартады. Аймақтар бойынша ең жоғары сұраныс Астанада, яғни 128 мың, ал  Алматыда – 102 мың, Түркістан облысында – 98 мың, Павлодарда – 88 мың және Қарағандыда 77 мың бос жұмыс орыны болады деп болжануда. Ал Ұлытау, Маңғыстау және Жетісу облыстарында көрсеткіш төмен болғанымен, еңбек нарығындағы жалпы тұрақтылық сақталып отыр.