Сұранысқа ие мамандықтар қандай? Блиц

Технология дамыған сайын жұмысшы мамандықтардың да, жаңа цифрлық кәсіптердің де маңызы артып келеді.

Сарапшылар өндіріс, энергетика, құрылыс және IT салалары алдағы жылдары да сұраныстан түспейтін бағыттар екенін айтады. Осы тұста қала тұрғындары арасында сауалнама жүргізіп, олардың еңбек нарығындағы өзгерістер мен болашақ мамандықтар туралы пікірін білдік.

БЛИЦ

- Мен теміржолшымын. 18 жасымда колледж бітіріп, осы мамандықта темір жол саласында оқыдым, осы мамандықпен 18 жыл бойы жұмыс істеймін. 

- Жұмысшы мамандықтардың қоғамда ролі өте көп, себебі жұмысшының жұмыс істегені байқалмайды, бірақ та сол кісілердің арқасында көп жұмыс жасалып жатыр. Музыкант, теміржол, айтишниктар себебі бүкіл нәрсені ИИ мен привязать етіп жатыр ғой байланыстырып жатыр. 

- Мамандығым главный энергетик мамандық бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Алдағы жылда сол электрика мен айти мамандықтары белсене алға дами береді деп ойлаймын, свет ешқашан артта қалмайды ғой бірінші орында әрқашан.

- Техникалық мамандықтар өте қабілеті күшті. Мысалы, үйдің жұмысы да, слесарь, сантехник болғандар ол өте күрделі сұраныс. Сондай қолмен жасайтын, шығаратын мысалы, общепитті алсақ ас-тағамдарды дайындайтын сондай мамандықтар. Алдағы жылдары менің ойымша, қазір көбінесе мына искусственный интеллект дейді ғой сол сияқты қазір айти мамандарына көбінесе сол ұсыныстар зор болады. Қазақстан қазір өте қатты дамып келе жатыр, Қазақстан жастарына айтарым шет тілдерін көп білу керек 5 тіл, 10 тіл білсе жаман болмайды. Тіл маманы болу керек, айти маманы болу керек. Ең жоғары сұраныс соларда болады. Ал енді кәдімгі басқа жұмыстар да керек бізге мысалы, врачтар керек, мұғалімдер керек жанағы юристер керек деген сияқты ол енді мемлекет болған соң ол жұмыстар болады. Бірақ в основном жастарға айтарым шет тілдерін көп үйрену керек, көп тіл білу керек, 10 тілге дейін білу керек, ай-ти маманы болу керек.