Ұлы дала тарихы Ата заңда шегеленген ұғым
Қазақ елінің тарихы тереңде жатыр.
Дешті Қыпшақ, Шыңғыс хан империясы, Жошы Ұлысы, Қазақ хандығы заманы. Мұның барлығы уақытпен үндесіп, тәуелсіз Қазақстанның бай шежіресін құрайды. Ал Ата заңда тарихымызды түгендеуге мәртебе беріліп, көңіл бөлінуі бұл бағыттағы ізденістерді үдете түсуге негіз болады, дейді сала мамандары.
Мұхтар Әлсейіт, тарих ғылымдарының докторы:
- Біз сөзбен айтқанда, өзіміздің мыңдаған жылдардағы тарихымызды зерттеуге мүмкіндік берді деп айта аламыз. Мәселен, біз Қазақстан тарихшылары 7 томдық Қазақстан тарихын жазу үстіндеміз. Бұйырса, биылғы жылы жарық көруі керек. Оған да осы ТМД елдерінің белді ғалымдары қатысты. Олардың барлығы біздің тарихымызды ғана емес, біздің мәдениетімізді, экономикамызды, руханиятымызды жазды. Бұл бағыттағы бірлескен жұмыстар өз жалғасын табады.