ҚҚС бойынша бұрынғы тәртіп сақталатын болды

Ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаумен айналысатын кәсіпкерлер үшін жағымды жаңалық. 

Үкімет қосылған құн салығын қайтаруды шектейтін нормадан бас тартты. Осыған дейін жаңа Салық кодексі жобасы аясында экспорт кезінде қайтарылатын қосылған құн салығының көлемін 80 пайызға қысқарту көзделген болатын. Алайда бұған келіспеген фермерлер мен экспорттаушылардың пікірлері ескеріліп, бұл норма алынып тасталды. Енді ауыл шаруашылығы өнімдерін шетелге шығаратын кәсіпкерлер бұрынғыдай қосылған құн салығын толық көлемде қайтара алады. Дегенмен ол үшін салықтық тексеруден өтуі тиіс. Ол «Пирамида әдісі» арқылы жүзеге аспақ. Яғни мемлекет өнімнің шаруадан бастап экспорттаушыға дейінгі барлық қозғалысын және әр кезеңде салықтың дұрыс төленген-төленбегенін тексереді. Егер ешқандай заң бұзушылық анықталмаса, онда кәсіпкер бұрын төлеген қосылған құн салығы сомасын толық қайтара алады.